Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Оспанов туған ауылын арақтан тазартып, халыққа қымызды тегін таратуда

Белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспанов  Алматы облысы, Алакөл ауданына қарасты өзі туған аймақ тұрғындарына қымызды тегін таратуда. Кәсіпкер орталықтағы мешіттердің біріне кез-келген адам кіріп, тегін қымыз ішуіне мүмкіндік жасап қойған. Оның шындап кіріскенінің арқасында  Жыланды ауылында соңғы кездері халық дүкендерде спирттік ішімдік саудалауды тоқтатқан.

Оспанов

Бұл туралы  “Матрица.kz” сайты жазды.

Бауыржан Оспанов осы бастамасының арқасында ауыл халқын салауатты өмір салтына үйретіп қана қоймай, ұлттық тағамды кеңінен насихаттауды көздеген.

Қазір Жыланды ауылының тұрғындарын қымызбен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкер 20 биесін арнайы халық игілігіне бөлек ұстайды.

Әрине оны сауып, қымызын ашытатын ауыл тұрғындары. Олардың еңбегі үшін кәсіпкер өз қалтасынан тағы айлық төлеп отыр.

Айтакетсек, Бауыржан Оспанов Forbes басылымының тізімінде Қазақстандағы ең ауқатты адамдар тізімінің елулігінде.

Талқылау