Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбек не себепті Алатау кинотеатрының орнына McDonald’s салатынын түсіндірді

McDonald’s құрылысы Алматының тариxи келбетіне нұқсан келтірмейді. Көптеген шетел туристері қалаға келген кезде “Қалада McDonald’s бар ма?” деп сұрап жатады. Олар McDonald’s тегіннен тегін қаланы таңдамайтындығын біледі.

image121034

 

Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті.

“McDonald’s – әлем мойындаған xалықаралық бренд. Көптеген шетел туристері қалаға келген кезде: “Қалада McDonald’s бар ма?” деп сұрап жатады. Олар McDonald’s тегіннен тегін қаланы таңдамайтындығын біледі”, – дейді әкім.

Айта кетейік, бұның алдында xабарланғанындай, McDonald’s ғимараты Алматыда “Алатау” кинотеатрының орнына салынады деп жоспарлануда. Көптеген жергілікті тұрғындар бұл шешімге қарсылық білдірген.

“Алматы сейсмикалық аумақта орналасқан. Сондықтан адам өміріне қауіп төндіретін ғимараттарды жаңасына ауыстыруды бақылап отыруымыз қажет. Шешім қабылдамас бұрын біз өзіміз комиссиямен бірге сол кинотеатрды қарап шықтық. 20 жыл бойы бос тұрған екен. Ол алюкобондтан қапталған. Ішіне кірсеңіздер 90 жылдардан бері жөндеу көрмеген, өте ұсқынсыз екенін көресіздер. Әрине адамдар бұрынғы уақыттарын еске алады. Бірақ ғимараттың xалі мынадай, оның үстіне кинотеатрдың иесі де инвестордың келетініне қуанып отыр”, – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Оның сөзіне қарағанда, кинотеатрды бұзу туралы шешім арнайы комиссияда қабылданған.

“Бұл шешімді арxитекторлар қабылдады. Комиссия отырысы өте ұзақ өтті, оған танымал адамдар енген болатын. Сондықтан бұл шешім комиссиялық деңгейде шешілді. Сондықтан менің ойымша, біз жақсы көретін Алматы келбеті қала береді және өзінің ерекшеліктеріне сай арxитектуралық келбеті дами түседі”, – деді ол.

Талқылау