Бауыржан Момышұлының келіні мен немересіне президент атынан Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені табысталды

Президент атынан "Халық қаһарманы" атағына ие болған Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені табысталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылдың соңында Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары барысында аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдап, тиісті жарлыққа қол қойған еді.
Осыған орай мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматы қаласында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырдың келіні Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлына президент атынан айрықша мемлекеттік марапаттар – Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін табыстады.
Салтанатты рәсім барысында Ерлан Қарин Бауыржан Момышұлының қазақ халқы үшін батырлықтың, қайсар рух пен отансүйгіштіктің символына айналғанын атап өтті.
“Халқымыз Бауыржан Момышұлын әрдайым батыр деп біледі, қаһарман деп қастерлейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жолғы шешімі халықтың оған деген ыстық ықыласын одан әрі арттыра түсті. Ең бастысы, көптен күткен тарихи әділдік қалпына келтірілді”, – деді мемлекеттік кеңесші.
Еске салсақ, бұған дейін Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы берілгені туралы жазған едік.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған