Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бауырсақтың қайтарымы": Ресейлік жігіт далада қалған қазақ студенттерін өз пәтерінде тегін тұрғызған

TikTok желісінде көпшілікке танымал Ресей азаматы Остап Парфенов Астанада пәтерақының қымбаттауынан далада қалған жергілікті тұрғындарды өзі жалдаған пәтерге кіргізіп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанға жақында келген Ресей азаматы Остап Парфенов әлеуметтік желідегі хитке айналған көптеген тректің авторы. Астанаға тұрақтап, бір бөлмелі пәтер жалдаған. Кейіннен бірнеше жергілікті жігітпен танысып, жақын араласа бастапты.

Остаптың айтуынша, пәтерақының қымбаттауынан оларды үй иесі қуып шыққан екен. Басқасын жалдауға ақшалары болмаған жігіттер бірнеше күн автокөлікте өмір сүруге мәжбүр болған. Кейіннен олардың мәселесі жайлы Парфенов естіп, өзі жалдап тұрған пәтерге кіргізіп алыпты.

"Бұл қазақтардың жылы құшағы мен ЖСН-ға кезекке тұрған сәттегі тегін таратылған шәй-бауырсақтың қайтарымы. Мен қазақтардың қонақжайлығын көрдім. Ресейліктермен баспанасымен бөліскен адамдар туралы көп естідім. Енді менің кезегім деп шештім. Жігіттерге "Менің үйімде тұрыңдар" дедім. "Қалайсың?" деген қазақша сөз үйреніп алдым. Міне, осындай жағдай”, — дейді жігіт. 

Әлеуметтік желі өолданылушылары ресейлік жігіттің бұл әрекетіне ризашылықтарын білдіріп, "Жарайсың", " Жігітсің, Остап", "Бастысы — адам екеніңді ұмытпау" деген секілді жылы сөздерін жаудырды. Қазір Остаптың пәтерінде уақытша тұрған жігіттер өзге баспана тауып, көшіп кеткен. 

 

@ostapparfenov Обо мне уже пишут статью, что будет дальше?😂 #остаппарфенов #переписка ♬ оригинальный звук - ОСТАП ПАРФЁНОВ💔
Талқылау