Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыстық тілші Астананы “айдаладағы елорда” деп ЭКСПО-ны сынап тастады

Астанадағы ЭКСПО-да болған америкалық тілші репортаж жазып, онда Астананы “айдаладағы елорда” деп атап, көрменің өзін қызықсыз, әрі қаңыраған бос депті.

2427457

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Беделді америкалық Foreign Policy журналы Астанадағы халықаралық көрмеден көлемді мақала жазған, алайда журналистің көрме туралы мәліметтері жұқалап айтқанда, әділетсіздеу.

“Қазақстан халықаралық көрме өткізіп, елдің абыройын көтеру үшін футуристік қала соқты, бірақ бір кішігірім проблема бар: Астана қонақ шақыруды ұмытып кеткен”, — деп бастайды өз репортажын журналист Джеймс Палмер.

“Греция павильонында мен жалғыз келуші болдым. Көпшілік павильондарда персоналдан бөтен ешкім болмады. Тек Қытай, Германия, АҚШ секілді ірі елдердің павильондарында ондаған адамдар болды. Алайда көпшілік елдердің павильондарының сыртынан мен бос қоршаулар арқылы өттім. Көрмедегі үш адамның екеуі бейджик таққан”, — дейді журналист.

Өз репортажында ол, Астананың посткеңестік кеңістікте ЭКСПО-ны қабылдап жатқан тұңғыш мемлекет екенін атап өткен. Бұл ретте, Астанадағы ЭКСПО-ның кіші көрме мәртебесіне ие екенін баршаға белгілі екеніне қарамастан, журналист неге екені белгісіз Шанхайда өткен ЭКСПО-2010-мен салыстырады.

“Мен 2010 жылы Шанхайдағы ЭКСПО-да болған кезімде, көрмеге 73 миллион адам келді. Ресми мәліметтер бойынша Астана 670 мың билет сатқан, алайда бұл цифрдың шынайылығына қатысты салмақты күмән бар”, — деп жазады журналист.

“Қазақстандықтардың ызасын келтірудің екі тәсілі бар. Боратты еске салу, немесе “Нұр Әлем” павильонын “Өлім Жұлдызы” деп атау”, — дейді Палмер.

Ол ЭКСПО-ға келетін туристердің саны бойынша тура жасалмаған болжамдар үшін қазақстандық билікті сынайды.

“Жыл сайын Қазақстандық ұйымдастырушылар үш айлық іс-шараның болжамды келушілер санын төмендетіп отырды — 5 миллион, 3 миллион, енді 2 миллион. Ашылу салтанатында, ресми деректерге сәйкес, 10 мың келуші болған, бірақ ол тым асыра бағалау. Келесі күні адамдар одан да аз болды”, — деп жазады Палмер.

Ол Қазақстанның шетелден келушілерді тартуға тырыспағанын алға тартады.

“Ресейден аз ғана адам” келген, ал өзге көрші елдерден ешкім дерлік келмеді”, деп мәлімдейді тілші. “Айдаладағы астана” Палмердің пікірінше, әлемде Қазақстанның қайда орналасқанын және қазақстандықтардың қандай адам екенін жақсы білмейді екен. Ал көрменің өзін ол қызықсыз деп атады.

“ЭКСПО ұйымдастырушылары Астанаға өткізу құқығын бергенде не ойлаған? Неліктен бұл түкпірдегі Астана оған ұмтылуды ұйғарған? “, — деген ызалығын білдіреді батыстық журналист. Қазақстандықтардың ұлттық абыройы үшін әлемге өзін танту аса маңызды, деген сыңай танытты Палмер. “Астананың басым бөлігі өте көрікті. Бірақ ол да жартылай бос және қонақ үйлері де аса қымбат”, — дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Шартты мерзім: Теміртауда 15 жастағы қызды зорлап, жыныстық ауру жұқтырып кеткен

14 жастағы қыз анасының сыныптасымен төсектес болып, басын айналдырып алған

Екі мемлекетте заңсыз зейнетақы алып келген әже сотталды

Алматылық кәсіпкер 500 балаға ЭКСПО-ға билет сатып алып берді

Талқылау