Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батырхан Шүкеновтің соңғы арманы орындалды

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы Астана күніне орай Батырхан Шүкеновтің орындауындағы «Жүрегімде Астана» атты әні клипінің премьерасын өткізді.

шүкенов

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайнар Олжайдың айтуынша, Батырхан Шүкеновтің соңғы арманы – осы әнге клип түсіру болған екен.

«Корпорация Астана күніне арнап, жыл сайын бір-бір бейнебаян түсіруді қолға алғанбыз. Бұл 2013 жылы басталған үрдіс болатын. Тек қана таңдаулы, тек қана Астанаға арналған ең үздік шығармаға жылына бір-ақ рет бейнебаян түсіріп келеміз. Бірінші рет Ринат Гайсиннің «Астана – менің мақтанышым» атты музыкалық премьерасын ұсынған болатынбыз. Екінші жылы  Айман Мұсақожаеваның «Әншілер академиясы» деген туындысына клип түсірдік. Биылғы клипті ерекше дарын иесі, қайталанбас әнші, керемет ұйымдастырушы, халықтың сүйіктісіне айналған Батырхан Шүкеновтің соңғы туындысына арнауды жөн көрдік. Оның соңғы арманы – осы әнге клип түсіру еді», – дейді Олжай.

Жалпы, бұл ән өткен жылы Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың арнайы шығарған «Аманат» атты соңғы альбомына кiрген. Бейнеклип Астананың түрлi аймақтарында түсiрiлген және онда елорданың ең көрiктi деген жерлерi мен ең зәулiм ғимараттары көрiнiс тапқан. Отандық кинематография саласында алғаш рет арнайы эффектiлердi жасау мақсатында анаморфотты кинообъективтер пайдаланылған. Түсiрiлiмге Роза Рымбаева, Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Мақпал Исабекова, Майра Мұхамедқызы, Дильназ Ахмадиева, қатысқан.

Әннің сөзін ақын Шөмiшбай Сәриев жазса, әуені композитор Ренат Гайсиндікі. Бейнебаян бүгіннен бастап телеарналар мен интернет желісінде пайда болады.

 

Талқылау