Батырхан Шүкеновтің анасы келініне не себепті қатты ренжігінен айтты
Батырхан Шүкеновтің анасы алғаш рет ұлының жеке өмірі туралы ашып айтып берді. Мұнымен қатар, келініне не себепті әлі күнге дейін ренжулі екенін түсіндірді.
Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.
– Батырхан Катямен ресми некеге тұрмады ма? Сіз неге оның қазақ қызына ғана үйленгенін қаладыңыз?
– Жоқ, оныменен некеге тұрған жоқ. Ол уақытта Катя дәмханада жұмыс істейді екен. Екеуінің үйленгенін білмедік. Ұлым кешке дәмханаға ән айту үшін барып осы әйелмен байланысқан сыңайлы. 1997 жылдан бастап жүрегім ауыра бастады. Ауырып Мәскеуге барғанымда Батырхан күтіп алды. Бір бөлмелі пәтерлері бар екен. Екіқабат әйелді алғаш рет сол кезде көрдім. Мақсұттан бұрын бір ұл туып, онысы екі айдан соң қайтыс болып кетті. Жаңа барғанымда алғаш рет Катямен таныстырды. Жүрегім біртүрлі болып қалды. Шынымды айтсам, маған еш жері ұнамады.
Шәй-тамағымызды ішіп болған соң, жолдастарының үйіне барып қонатындарын айтты. “Болар іс болған екен. Мен мына жерге жатамын. Сендер де қона беріңдер” дедім. Бір уақытта Батырхан оны апарып тастап, үйге қайтып келді. Сол кезде “Балам, неге айтпадың? Ел-жұрттан ұят болды ғой. Мен барған соң олар сен туралы сұрайды. Мен не айтуым керек? Өзінің аяғы ауыр екен. Бізге кімнен туса да, бала керек қой” дедім. Ауылға келген соң бұл жағдай туралы тек әкесіне айтып бердім. Әкесі көпті көрген кісі еді. Ол Катяның аяғының ауыр екенін естіп қуанып қалды. Сонымен жаңағы әйелді қабылдадық.
– Ал сіз неге жасырдыңыз? Неге ешкімге айтпадыңыз? Ұялдыңыз ба?
– Жолдасым екеуіміз атымыз бар адамбыз. Екеуіміз де қызметкерміз. Қызылордада бізді танымайтын адам жоқ. Көкке көтереді. “Мәскеуге оқытамын деп жүріп жетіскен екенсіңдер” деп айта ма деп қорықтық. Туған ұлы қайтыс болып кеткен кезде де ешкімге тіс жармадық. Маған хабарласып “Ана, мына баланы не істерімді білмей отырмын. Көметін жер жоқ” деді. Неке туралы куәліктері болмаған соң, оларға жер бермейді ғой. Меладзе Батырханның ұлын өзінің әкесінің қасына көмген екен. Содан кейін дүниеге Мақсұт келді. Екінші баласын туған кезде мен өзім бардым. Бала күннен-күнге жақсы көріне береді екен. Оның үстіне өзімізге ұқсап туды. Балам өзі қырыққа, ұлы бір жасқа толып жатты. Осы сәтте ұлын елге алдырып, бір жасқа толған тойын жасадық. Екі жасқа неке суын ішкізіп, Катяны ел-жұрттың көзінше қабылдадым. Некелерін заңдастырмаса да, қазақы дәстүріміз бойынша қабылдадық.
– Қазір Катя немереңізді орысша тәрбиемен өсіріп келе жатыр…
– Кеше келген кезде “Сен бізге жақындап, Мәскеуге көшіп кел. Тапқан-таянғанымызды берейік. Болмаса Алматыдағы дайын үйге көшіп кел” деп айттық. Ол келмейтінін айтып, Америкада қалып қойды. Екеуіміз орыс тілінде сөйлесеміз. Катя бір ауыз қазақша білмейді. Бала да білмейді.
– Немереңіз туысшыл ма? Сіздерге ұмтыла ма?
– Алдында туысшыл болатын. Демалыс кезінде екі ай осы жақта боламыз. Мені “Әжейка моя” деп сондай қатты жақсы көреді. Бауырыңа басып келе жатқан кезде кетіп қалады. Ал ол әйел оны басқаша тәрбиелейді. Алдында Мәскеуге келген кезде ақшаның барлығын біз беріп жатырмыз. Сол кезде немерем “Телефонды бер. Әжеммен мен де сөйлесейін” деп айтпады. Бірақ үлкен ағалары мен жиендеріне хабарласып тұрады. Немеремді қатты сағынамын. Мақсатты көрген кезде Батырды көргендей боламын. Мінезі ұқсамайды, музыкалық білімі ұқсайды. Немерем әкесі секілді барлық аспапта ойнай алады. Арасында жүрген жүрістерін бір-біріне ұқсатамын. Мақсатты бір көрген кезде бір жылап аламыз.
– Келесі сұрағым ауыр болатынын түсінемін. Бірақ айтпауға болмайды. Ресейдің телеарналарының бірінде Катя сұхбат беріп жатып Мақсұттың көмекке мұқтаж екенін тілге тиек етті. Катя сіздерден ай сайын керекті 4 500 доллар сұрады ма?
– Бізден ақша сұраған жоқ. Бұл кетерде балалар Астанадағы үйді сатып, түскен ақшаны берген болатын. “Біз нотариуспен құжаттарды реттеп алғанша осы ақша жетуі керек” деген екен. Барлық шығынды үнемі кім өтеп отырады? Зейнетте отырған адам мен немді беремін? Үлкен балалардың өзінің отбасы бар. Олар қайдан тауып береді? Басында “Сен ақшаны жөндеп жұмса. Мынау әзірге жетеді. Пәтер жалдап отырған жоқсың” деп айтылды. Салып қойған үйі болатын. Оған 100 мыңдай ақша тағы төлеуі керек болатын. Сол 100 мың ақшаны жіберген соң, мені алып бармақ болып жүрген еді. Ұлым қайтыс болған соң, Сбербанк ақшаны алып қойған екен. Әйеліне берейін десе, екеуі некелерін заңдастырмаған. Ал бала кәмелеттік жасқа толмаған. Ол ақша Сберкассада сақталып тұр. Карточка ұсынып, күнделікті қажетті ақшаны алып тұруға рұқсат берген екен. Немерем 18-ге толған күні ақшаны толықтай ала алады.
– Олай болса, Катя неліктен сізге жала жауып жатыр? Оған не нәрсе қажет болды?
– Соны өзім де түсінбеймін. Меладзе балаға қажетті барлық ақшаны өзі төлеп жатыр. Марғұлан үйін тартып алған кезде, нотариуске қағаз жазып берді. Барлық ақшаны мойнына алды. Неге бұлай жасай беретінін түсінбеймін. Менімен сөйлеспейді. Кеше “Мен ризамын. Екі қабатты үйді берді. Баламның жатын бөлмесі мен музыкаға дайындалатын бөлмесі бөлек. Төбемізді үш, астымызда үш бөлме” деп жазған екен. Фондтан түскен ақшаны Олжас сол әйелге аударып, 340 мыңға долларға коттедж алып берді. Қазір сол тамда тұрып жатыр.
– Олар неліктен Америкада тұрғысы келеді?
– “Ол жақта жақсы, барлық жұмыстарым сол жерде. 50 жасымда курста оқып жатырмын” деп айтады екен. Біреудің үйіне барып тамақ істеп күн көретін сыңайлы. Маған ешнәрсе айтпайды. Жаңалықтардың барлығын газет-журналдан ғана оқимын. Үлкен ұлым Бауыржанмен сөйлеседі. Хабарласқан сайын тек ақша сұрайды екен. “Мәскеу мен Юрмаладағыны алдың. Коттедж салып берді. Балаңның оқуын да төлеп беріп жатыр” деп айтқан екен. Бір баланы асырай алмайтындай несі бар. Бір ғана тамақ қой. Заңгер арқылы барлығын бердім соған. Енді қалада тек әл-Фарабидегі үй қалды.
Оны кеше қайтыс болған кезде ғана мен өзіме аударттым. Келініме кетерде жаман ренжідім. “Жасыңыз 80-ге келіп қалды, сіз өлесіз. Мына үйді Мақсұттың атына жаздырып қойыңыз”, – деді. Сондай жаман көңілім қалып “Бәлкім мен емес, сен өлетін шығарсың. Өзің ауру екенсің. Басымды қатырмастан кететін жеріңе кет деп” ұрысып кеттім. Бұл әңгіме қырқына келген кезде болды. Өлесің демей-ақ басқаша жеткізсе болады ғой. Қызым үш баласымен пәтерден-пәтерге көшіп жүр. Неге мен ол үйге қызымды кіргізбеймін?!
Жіберіп алмаңыз:
Батырхан Шүкеновтің анасы: Ұлым адам қолынан қаза тапты деп ойлаймын
Дастан Оразбеков түсірілім кезінде төбелес шығарды
Мәдина Сәдуақасова күйеуінің көңіліне қарап әріптестерінің тойларына бармайтын болған
Түріктің танымал актері өз туған күнінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады