Батысқазақстандық шенеуніктер 10 жасар қызға қатысты зорлық оқиғасынан кейін тергеуге ілікті
Фото: stroi-news.ru
Батыс Қазақстан облысында 10 жасар қызға қатысты зорлық оқиғасынан кейін шенеуніктер тергеуге ілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 29 қыркүйекте Зачаган кентіндегі № 20 орта мектеп ауданында орын алған. Бастапқыда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған.
Орал қаласының прокуроры Мейірхан Изимовтың айтуынша, қылмысқа дейін ата-аналар мектепке апаратын жолдағы ағаштарды кесу және жарықтандыру қажеттілігі туралы бірнеше рет шағымданған. Алайда Зачаган кентінің әкімдігі бұл мәселеге немқұрайлы қараған. Оқиға болғаннан кейін ғана жол бойындағы ағаштар кесілген.
Прокурордың айтуынша, Зачаган кентінің атқарушы органының қызметкерлерінің өз қызметіне немқұрайлы қарауы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында барлық мән-жай анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.
Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органға қатысты Қылмыстық кодексінің 371-бабы (Немқұрайдылық) бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады.
"Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады ведомство.
Департамент деректері бойынша 10 жасар қызға қатысты зорлық фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Астанада 80 жастағы әйелді зорлап, өлтірген ер адам 9 жылдан кейін ұсталды
Актөбедегі мектеп оқушысының жүктілігі: Қылмыс құрамы жоқ деген себеппен іс жабылды
Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында екі қыз бала зорлық көргенін жазған едік. Прокуратураның айтуынша, полиция мен әкімдік әрекетсіздік танытқан. Бірінші оқиға 22 тамызда Тасқалада, екіншісі 29 қыркүйекте Оралдағы № 20 мектепке апаратын жол маңында болды. Мектепке баратын жол бойындағы орман бақылаусыз қалған. Жарық жоқ, бұталар тазаланбаған, патруль жүрмеген. Ата-аналардың төрт жыл бойғы шағымы нәтиже берген жоқ, қауіпсіздік тек қайғылы оқиғадан кейін қамтамасыз етілген.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр