Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан тұрғындары үшін су тарифі тағы да қымбаттайды

Батыс Қазақстан тұрғындары үшін су тарифі алты айда екінші рет қымбаттайдыФото: R/ru.freepik.com

Атырау және Маңғыстау облыстарында су тарифтері соңғы алты айда екінші рет қымбаттамақ. Су бағасының өсуі инфляцияны 11% деңгейінде ұстап тұру тапсырмасымен байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыс тұрғындарына, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар мен суды қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындарға арналған магистральдық су беру тарифі 32,3%-ға өсіп, 1 текше метр үшін 74,20 теңге болады. “Магистральдық су құбыры” компаниясы осылайша Қазақстан қор биржасына хабарлама жіберген. 2025 жылдың соңында тариф 87%-ға көтеріліп, 1 текше метр үшін 56,07 теңге болған еді.

Тариф 2027 жылдың 1 шілдесінен 2028 жылдың 30 маусымына дейінгі кезеңде қайта өседі. Өзгерістерді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментінің 20 наурыздағы бұйрығы енгізген. Олар 2025 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияны 11%-дан асырмай ұстап тұру жөніндегі үкіметтің тапсырмасын орындау үшін қабылданған. Бірақ тарифті көтеру кезеңі сол уақыттан кейін де өз күшінде қалады.

Басқа кезеңдерге тарифтер өзгермеген. Мысалы:

  • 2025 жылдың 1 шілдесінен 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін – 1 текше метр үшін 30 теңге,
  • 2026 жылдың 1 мамырынан 30 маусымына дейін – 247,52 теңге,
  • 2028 жылдың 1 шілдесінен 2029 жылдың 30 маусымына дейін – 30 теңге.

Ал басқа санаттар үшін тарифтер өзгермейді:

  • Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін 2029 жылға дейін 1 текше метрге 100 теңге,
  • Өнеркәсіп пен басқа коммерциялық компаниялар үшін тариф біртіндеп 1 127,50 теңгеден 1 427,31 теңгеге дейін өседі,
  • Мұнай-газ компаниялары үшін – 2 472,99 теңгеден 3 521,41 теңгеге дейін.

“Магистральдық су құбыры” Атырау және Маңғыстау облыстарына магистральдық су құбырлары арқылы су жеткізеді, сондай-ақ оларға қосылу, электр және жылу энергиясын беру, сондай-ақ ағын суды шығару қызметтерімен айналысады. Компания 2017 жылы құрылған және “ҚазТрансОйлға” тиесілі. “ҚазТрансОйлдың” негізгі акционер – “ҚазМұнайГаз” компаниясы, оның үлесі – 90%. Ал бақылаушы пакетінің , яғни 67,84%-дың иесі – “Самұрық-Қазына” қоры.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2026 08:56