Батыс Қазақстан облысындағы Облавка ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Облавка ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның құны 160 млн теңгені құрайды. Тапсырыс беруші – Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталды. Аталған медициналық пукттің мердігері – "Уральскстройинвест" ЖШС.
Бұған дейін медициналық пункт өткен ғасырдың ортасында салынған ғимаратта орналасқан болатын. Қазіргі жаңа ғимараттың ауданы 155 шаршы метр.
Ғимаратта дәрігерге дейінгі, процедуралық, физиотерапиялық кабинеттер, медбикенің қабылдау бөлмесі және техникалық үй-жайлар бар. Медициналық пункт өз деңгейіне қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Штатта медбике, техникалық қызметкер, күзетші және екі қазандық операторы бар.

Медбике Гүлнар Темерғалиеваның жалпы еңбек өтілі 39 жыл болса, оның 35 жылын Облавкада жұмыс істеген.
“Ауылымызда ересек тұрғындар саны 228 адамды құрайды. Бір жасқа дейінгі 2 бала, 14 жасқа дейінгі 48 бала бар. Қазіргі уақытта есепте тұрған жүкті әйелдер жоқ. Медициналық пунктте біз қабылдауларды, тексерулерді және функционалдық міндеттерімізге кіретін процедураларды жүргіземіз”, – деп бөлісті Гүлнар Темірғалиқызы.
Ашылу салтанатында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Мұқтар Нұрмақов сөз сөйледі.
“Ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен және көптен күткен оқиға – жаңа медициналық пункттің пайдалануға берілуімен құттықтаймын! Жаңа нысан тұрғындар игілігіне жұмыс істесін! Баршамызға бақыт, сәттілік және аспанымыз тыныш болсын”, – деді аудан басшысының орынбасары.

Облавка ауылы тұрғындары атынан Мейрам Татаев сөз сөйлеп, заманауи аппараттармен жабдықталған жаңа ғимарат үшін ризашылықтарын білдірді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған