Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты (видео)

Фото: Видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты. Ал жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 16 желтоқсан күні кешкі сағат 20:30-да Орал – Кирсаново тас жолының 14-шақырымында, Володарское кентінен 2 шақырым жерде болған.


Абай облысында 4 бала қаза тапқан жол апаты: Сотта балалардың ата-аналары мен жүргізуші сөз сөйледі


Астанада автобус апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды


“KIA K5 көлігін басқарып келе жатқан 1989 жылы туған жүргізуші рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сосын ол 1974 жылы туған жүргізуші басқарған ВАЗ-2104 автокөлігімен моқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2104 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен Орал қаласындағы көпсалалы ауруханаға тексеру және медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Полиция департаментінің хабарлауынша, көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды.

“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (жол жүрісі қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. KIA K5 жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам зардап шегіп, 4 адам мерт болғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 17 Желтоқсан, 2025 15:41