Батырхан Төлеуғали таеквондодан әлем чемпионатында топ жарды
Фото:ҰОК
Таеквондодан Кенияны Найроби қаласында 21 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Бұл туралыт Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтулы додада 87 келіде Қазақстан намысын Батырхан Төлеуғали қорғады.
Ол байрақтың бәсекенің ақтық сынында Иран спортшысы Мохаммад Ализадехтенмен алтын жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде қарсыласынан басым түсіп, атын медальға қол жеткізді.
Бұл ел қоржынына түсіп отырған екінші алтын жүлде. Бұған дейін Бейбарыс Қабылан жеңісіке жеткен. Осылайша ол Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Бұған қоса Тамирлан Тілеулес қола медальға қол жеткізген еді. Ұлттық құрама 2 алтын, 1 қола жүлдемен әлем чемпионатын аяқтады. Қазақстан жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали 2024 жылы Париж Олимпиадасында 80 келіде бақ сынаған еді. Ол ұлттық құрамада Олимпиадаға қатысқан ең спортшы болды.
21 жасқа дейінгі әлем чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

