Батырхан Төлеуғали Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Батырхан Төлеуғали таеквондодан Қытайда өтіп жатқан лицензиялық турнирде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қытайдың Тайань қаласында олимпиада жолдамасын сарапқа салып жатқан Азия құрлығының іріктеу турнирінде Батырхан Төлеуғали жартылай финалға шығып, Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. 80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Батырхан бірінші жекпе-жегінде үндістандық Акшай Худа ұтып, жартылай финалда Сауд Арабиясы өкілі Әли-Мабрук-әл -Мабруктен басым түсті. Осылайша, 17 жасар спортшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алды.
Айта кетейік, Тайандағы турнирде ел намысын 4 спортшымыз қорғайды. Әйелдер арасында 57 келіде Мария Севостьянова өнер көрсетсе, 67 келіде Жансель Дениз сынға түседі. Ал ерлер арасында Самирхон Абабакиров (58 келі) бағын сынайды.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"

