Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны күшейтуді тапсырды

Дәрігерлерге шабуыл жасайтындарға жаза күшейедіФото: Stan.kz / ЖИ көмегімен жасалған

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай президент Қасым-Жомар Тоқаевтың медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды. Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек", - делінген баспасөз хатшысының хабарламасында.

Президент үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады.

Айта кетейік, соңғы айларда Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдар жиілеп кетті. Маусым айында Атырау облысында учаскелік дәрігерге науқас шабуыл жасап, оның миы шайқалғаны хабарланған. Шілде айында Қарағандыда жеке клиника мейіргері соққыға жығылды, ал Қостанайда урология бөлімінің жас хирургі ауыр хәлде ауруханаға түсті. Бұл оқиғалар қоғамда резонанс туғызып, медициналық қауымдастықтың, қоғам белсенділерінің және Денсаулық сақтау министрлігінің алаңдаушылығын тудырды. Министрлік медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алатынын мәлімдеді.


Науқастың шабуылынан кейін реанимацияға түскен дәрігер санавиациямен Астанаға жеткізілді


"Теуіп, аяғымен бетімді мыжыды": Қарағандыда аяусыз соққыға жығылған мейіргер жағдайдың қалай болғанын айтып берді


Еске салайық, бұған дейін Қостанайда науқастың шабуылынан кейін дәрігер комаға түскені туралы жазған едік. Науқастың қолынан зардап шеккен дәрігер облыстық аурухананың урология бөлімінің жетекші мамандарының бірі, хирург-уролог Антон Кистанов. Антон Николаевич бұл мекемеде 6 жылдан бері жұмыс істейді. Ол ондаған адамның өмірін құтқарып қалған тәжірибелі дәрігер. Өзі 34 жаста. Қазір ол біреудің емес, өзінің өмірі үшін күресіп жатыр. Үйінде оны жас жұбайы мен жаңа туған сәбиі күтіп отыр.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 23 Шілде, 2025 10:25
Талқылау