Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BAT Қазақстан нарығындағы стратегиялық басымдықтарын айқындап, инновациялық тәсілдерін таныстырды

Алматы, 2025 жылғы 10 сәуір – British American Tobacco (BAT) компаниясы The Ritz Carlton қонақүйінде баспасөз конференциясын өткізіп, Қазақстан нарығындағы стратегиялық бағыттарын, елдегі рөлін және түтінсіз өнімдер санатындағы соңғы технологиялық әзірлемелерін таныстырды.

Іс-шараға BAT Kazakhstan бас директоры Хабиб Аун қатысты. Ол компания құрылымында 14 жылдық халықаралық тәжірибеге ие. Еңбек жолын Young Leaders жаһандық бағдарламасының қатысушысы ретінде бастап, кейін топ-менеджмент деңгейіне дейін көтерілген. Жеті елде, соның ішінде Ұлыбритания мен БАӘ-де жұмыс істеп, түрлі мәдени ортада жинақтаған басқарушылық тәжірибесі оған әлемдік инновацияларды Қазақстан нарығында тиімді енгізуге мүмкіндік беріп отыр.

"Қазақстан технологиялар мен жаңа шешімдерге ашық, қарқынды дамып келе жатқан нарық ретінде үлкен әсер қалдырады. Біз мұнда цифрландыру деңгейінің жоғары екенін, инновацияларға қызығушылық пен тұтынушылардың заманауи өнімдерді сынап көруге дайын екенін көріп отырмыз. Сондықтан еліміз glo Apex құрылғысын іске қосуға арналған алғашқы алаңдардың біріне айналды. Бұл – біздің трансформация жолындағы маңызды кезең әрі ғылым мен әзірлемелерге бағытталған көпжылдық инвестициялардың нәтижесі.

“A Better Tomorrow™” стратегиясы аясында біз ғылыми деректер мен халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, түтінсіз өнімдер санатын дамытуды жалғастырамыз", – деді Хабиб Аун.

BAT Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. 2018 жылдан бастап компания glo брендімен темекіні қыздыру жүйелері санатын белсенді түрде дамытып отыр. Қазақстан BAT-тың жаһандық стратегиясында ерекше орын алады – ел жаңа құрылғыны әлемдік деңгейде іске қосу бойынша басым бес нарықтың қатарына енді.

Іс-шара барысында компания “A Better Tomorrow™” тұжырымдамасына негізделген бизнес трансформациясының негізгі кезеңдерін таныстырды.

Стратегияның негізінде Tobacco Harm Reduction (THR) қағидаты жатыр. Бұл – 21 жастан асқан тұтынушыларды тәуекелі ықтимал төмен баламалы өнімдерге кезең-кезеңімен көшіруге бағытталған тәсіл. Темекіні қыздыру жүйелері дәстүрлі темекілерден өзгеше жұмыс істейді: жану процесінің орнына қыздыру қолданылады. Бұл бөлінетін химиялық заттардың құрамын айтарлықтай өзгертеді. Ғылыми деректерге сәйкес, кәдімгі темекі жанғанда 7 500-ден астам химиялық қосылыс түзіледі, ал қыздыру жүйелерінде олардың саны едәуір аз.

Бұл трансформацияның негізі — "Темекі түтінінен азат әлемді" құрудағы инновациялардың рөлін паш ететін жаһандық ғылыми негізделген Omni™ платформасы болып табылады. Аталған ресурс жүздеген тәуелсіз зерттеуді, компанияның өз деректерін және зиянды ықтимал азайту тұжырымдамасының әлем бойынша енгізілу тәжірибесін біріктіреді. Платформа ғалымдар, реттеушілер мен инвесторлар үшін сенімді дереккөз болуға бағытталған. Тек ғылыми тәсіл арқылы ғана темекіні қыздыру жүйелерінің әлеуетті төмен тәуекел профилін негіздеуге болады. Өз міндеттемелерін нақты істермен дәлелдей отырып, компания жыл сайын R&D (ғылыми-зерттеу және әзірлемелер) саласына шамамен 350 млн фунт стерлинг инвестиция салады.

BAT өкілдері 21 жастан асқан тұтынушылар үшін зиянды ықтимал азайту бастамаларының маңызын атап өтті. Олардың пікірінше, инновациялық жүйелерге көшу – дәстүрлі темекі өнімдеріне балама іздейтіндер үшін қисынды қадам.

Сонымен қатар, іс-шара барысында glo™ APEX құрылғысы таныстырылды. Бұл – BAT компаниясының темекіні қыздыру жүйелері санатындағы флагмандық өнімі. "Барлығы бір құрылғыда" форматы, бес секунд ішінде іске қосылуы және интуитивті интерфейсі оны санаттағы ең технологиялық шешімдердің біріне айналдырады. Сондай-ақ линейка екі компоненттен тұратын glo™ APEX Plus үлгісімен толықтырылған: EasySwitch™ қыздыру құрылғысы және зарядтау кейсі.

Компания туралы:

BAT – тұтыну тауарлары саласындағы халықаралық мультикатегориялы компания. Ол 180-нен астам елде жұмыс істейді және 48 000-нан астам қызметкері бар. Қазіргі таңда BAT-тың түтінсіз өнімдерін әлемнің 180-нен астам елінде 30,5 млн адам пайдаланады.

Компания ғылымға, инновацияға және тұрақты дамуға инвестиция сала отырып, бизнесін трансформациялауды жалғастырып келеді. Қазақстан стратегиялық маңызды нарықтардың бірі болып қала береді – мұнда жаһандық стратегия іске асырылып қана қоймай, зиянды азайту бағытындағы жергілікті күн тәртібі де қалыптасып отыр.

Дана Русланқызы
Жұма, 10 Сәуір, 2026 19:05