Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басының ішкі бөлігі көрінетін мөлдір түсті макропинна балығы (фото)

Солтүстік Тынық мухитының тереңінде тіршілік ететін макропинна балығының өзге балықтардан жаратылысы бөлек. Оның басы түссіз. Жемтігін түтік тәрізді көзімен көреді.

macr-676x423

Сурет: aboutchannel.com 

Аузы кішкене макропинна балығы – жемтігін түссіз маңдайы арқылы көреді.

Жаратылысы ерекше балық жайлы алғаш 1939 жылы зерттелген. Алайда, ғалымдар ол кезде балықтың цилиндр тәрізді көздері тік және көлденең бағытта қозғалатынын анықтай алған жоқ. Бұл мәлімет тек 2009 жылы ғана белгілі болды. Соның арқасында макропинна балығы алдында және өзінің үстінде бара жатқан жемтігін көре алады.

macropinna-005

Сурет: www.mirkrasiv.ru 

Балықтың ашық жасыл көзі алысқа қарағанда 15 см-ге ұлғаяды. Көзінің сыртын мөлдір сұйықтық қоршаған. Көзінің ашық жасыл болуы ондағы сары спецификалық пигменттердің болуына байланысты.

Уақыт өткен сайын бұл балық жайлы әр түрлі мәліметтер анықталып жатқанымен, ол туралы әлі де толық зерттеліп болған жоқ. Өйткені балық су тереңдігінде тіршілік ететіндіктен, су астында зерттеу жүргізу қиынға түсіп отыр. Макропинна балығы судың 500-800 метр тереңдігінде, мүмкін одан да көп тереңдікте өмір сүреді.

Талқылау