Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басы жоқ болса да өмір сүруге құштар тауық тірі жүр

Тайландта басы кесіліп қалған тауықтың өмір сүріп жатқанына бір апта болды. Ол басы жоқ болса да тамақтанып, дәрумендер қабылдап жүр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлады, Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Тауықты Арун Тонг есімді мал дәрігері бағып жатыр. Дәрігер оны нағыз жауынгер құс деп атайды.

Арун Тонгт тамақ пен дәруменді құстың мойыны арқылы беріп жүр. Оның айтуынша, тауыққа жасалып жатқан ем жақсы әсер етіп жатыр.

Құстың басын қалай жоғалтқаны белгісіз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оған жануарлар тап берген.

Ал мал дәрігерлік емханадағылар оны біреулердің алып кетіп, қамқорына алатынына үміттеніп отыр.

“Оған өмір бойына күтім керек. Бұл құстың нағыз жауынгерлерге тән жүрегі барын мойындау қажет”, – дейді дәрігер.

Тағы оқыңыз:

АҚШ-тың ең әдемі қылмыскері мен миллионердің қызы ата-ана атанбақшы

Наоми Кэмпбелл өте жіңішке мұрны үшін күлкіге қалды

Кемеровадағы өрт: Кинозалдың есігін кім кілттегені белгілі болды

Боянбаған американдық әншіні ешкім танымай қалды

Танымал Корей әншісі өз үйінде өлі күйінде табылды

Талқылау