Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басы екі есе ұлғайған бүлдіршін отаға жетпей шетінеп кетті (фото)

Үндістанда кішкене бүлдіршіннің басы екі есе ұлғайып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, ол ота жасауға бірнеше күн қалған кезде, дұрыс тыныс ала алмай шетінеген.

4192D94700000578-4621264-image-a-29_1498035818675

Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

5 жасар Руна Бегім өткен жексенбіде мұрны мен аузы арқылы тыныс алуға қиналып, ажал құшқан. Ол туралы әртүрлі басылымда 2013 жылдан бері жазылып келеді. Ата-анасы соңғы күнге дейін қыздары дертінен айығып кетеді деп сенген екен.

“Басының екі есе үлкен болып үрленгені болмаса, қызымның көңіл-күйі де, денсаулығы да жақсы болатын. Бірақ, жексенбі күні ол біртүрлі тыныс ала алмай қиналды. Бірден күйеуіме хабарласып, жұмысынан шақыртып алдым. Ол қызымызға су беріп, артынша ауруханаға асықтық. Өкінішке орай, ол ауруханаға жетпей, жол-жөнекей ажал құшты”, – дейді бүлдіршіннің анасы Фатима Бегім.

4192D7D700000578-4621264-Roona_underwent_two_rounds_of_surgery_last_year_to_relieve_the_s-a-11_1498040029874

4192D82700000578-4621264-image-a-27_1498035712588

Руна туған кезде басында сұйықтық болған екен. Артынша ми тұсына су еселеніп жинала берген. 2013 жылы ата-анасы амалсыздан мамандар мен халықтын БАҚ арқылы көмек сұраған болатын. Осыдан кейін Нью-Дели ауруханасы қызға тегін ота жасауға келісті. Өткен 4 жыл ішінде хирургтер сегіз рет ота жасап, қыздың басын 94 саниметрден 58 сантиметрге дейін кішірейткен.

4192D7C300000578-4621264-Mother_Fatima_had_hoped_Roona_would_one_day_lead_a_normal_life_a-a-10_1498040029387

Сұйықтық Рунаның миына зақым келтіріп, оның еркін қозғалуына, тіпті, бір орында отыруына кедергі жасаған. Сан рет ота жасалғанына қарамастан, Руна өздігінен тамақ ішіп, сөйлеуді үйренбеген. Дәрігерлер алғаш ота жасалатын кезде оның тірі қалмауы мүмкін екенін айтқан екен. Алайда батыл бүлдіршін 8 отаны оңай өткерген.

4192B4B800000578-4621264-image-a-25_1498035657316

“Шыны керек, отадан кейін осыншалық жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаған жоқпын. Күлімсіреп, тіпті, әртүрлі дыбыстар шығара бастады. Салмақ жинап, ширақ болып қалған еді. Алайда оның қанша жыл өмір сүретіні белгісіз”, – дейді дәрігер Сэндип Вэшья бірінші отадан кейін.


Жіберіп алмаңыз:

99 қарбыздың көмегімен сүйіктісінен кешірім сұрамақ болған жігіттің жоспары іске аспады

Жанкүйер қыз Роналдудан өзін әйелдікке алуын сұрады

Оттың ортасында арпалысқан өрт сөндірушілер айына 52 мың теңге ғана алады

Бұрынғы миллионер 20 жылдан бері елсіз аралда өмір сүріп келеді (фото)

Талқылау