Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басты рөлді Джеки Чан сомдайтын “Доспехи бога” фильмінің төртінші бөлімі Қаскелеңде түсіріледІ

Фото: salem.entertainment

Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында халықаралық деңгейдегі заманауи "Dala Stage" кинопавильонының құрылысы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, болашақ кешеннің аумағы – 15 гектар. Оның шамамен 3 мың шаршы метрі өндірістік нысандарға арналған. Құрылысты осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа алаңдағы алғашқы ірі жоба ретінде "Доспехи бога 4: Ультиматум" фильмі түсірілмек. Картина режиссері болып Роберт Кун тағайындалды.

Жобаның іске қосылуына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Салтанатты рәсім барысында актердің продюсері Ли Чиу Ва және бірқатар халықаралық студиялар мен қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі — Джеки Чан жіберген уақыт капсуласының құрылыс алаңына тікұшақпен жеткізілуі болды.

Айта кетейік, "Dala Stage" жобасы Қазақстанда креативті индустрияны дамытуға, инвестиция тартуға және кино саласына кәсіби мамандар даярлауға бағытталған. Сондай-ақ шетелдік білім беру орталықтары мен киностудиялармен ынтымақтастық қарастырылған.


“Доспехи Бога” фильмінің жаңа бөлімі Маңғыстауда түсірілетін болды

"Бала күнгі кумирім". Қазақстандық актер Джеки Чанның жаңа жобасында бой көрсетеді


Еске салайық, былтыр күзде әлемге әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келген еді. Кейінірек оның халықаралық фильм жобасын іске асыру үшін келгені белгілі болды, ол “Доспехи Бога: Ультиматум” атты жаңа фильміне түсірілім алаңдарын таңдаумен айналысқан. Қазақстандық актер Рүстем Омаров да фильмге актер әрі сценарист ретінде қосылды. Жоба Маңғыстауда түсіріледі, бұл аймақтың табиғаты мен инфрақұрылымы фильмге лайық деп танылған. Фильм Қазақстанның халықаралық кино саласындағы беделін көтеруге, туризм мен креативті индустрияны дамытуға мүмкіндік бермек.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 08:20