Басты рөлді Дұғалова сомдайтын фильмнің түсірілімі басталды
Жанар Дұғалова режиссер Асқар Бисембиннің “Nayryz.kz” туындысында басты рөлді сомдайды. Бір қызығы, басты рөл 12 бірдей актерге тиесілі. Сюжет бойынша, оларды өзара 5 оқиға байланыстыратын болады.
Фото: instagram.com/zhanar_dugalova/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Аталған туындының түсірілім жұмыстары 15 тамыз күні басталды. Картинаның режиссері – “Үшеудің тойы”, “Әдел”, “30 жаста тұрмысқа шығу”, “Әкесінің қыздары” сынды туындылар арқылы танылып үлгерген Асқар Бисембин. Ал сценарийін Василий Земзюлин, Асқар Бисембин және Николай Пак бірігіп жазған. Асқар Бисембин аталған туындыға басты рөлге не себепті Жанар Дұғалованы таңдағанын айтып өтті.
“Бірінішіден, ол актерлік шеберлік мамандығын үздік бітірген. Сондықтан онымен ойнауға болмайды. Екіншіден, оның мықтылығын мойындауымыз керек. Үшіншіден, ол “Махаббатым жүрегімде”, “Ғашық жүрек”, “Рэкетир-2” сынды туындыларға түсіп үлгерген. Отандық шоулардың бірінен сұхбат алып жатқанын көріп қалып ұнаттым. Сабырмен отырып жүректерді қарып өтер сұрақтар қойды.
Біздің фильмде Дұғалова радио жүргізушісін сомдайды. Берік Айтжановпен жұптасады. Мұнымен қатар, Нұрлан Қоянбаев, Айқын, Кентал, Саят Мерекеұлы, Данагүл Темірсұлтанова сынды жұлдыздар болады. Шако, Жека есімдерімен танылған вайнерлер де ойнайды”, – дейді Асқар Бисембин Comode.kz басылымына берген сұхбатында.
Түсірілім жұмыстары 15 қыркүйекке дейін созылады. Алматы, Астана, Шымкент сынды қалаларда түсіріледі. Диалогтар орыс және қазақ тілдерінде айтылады. Ал көрерменге 2017 жылдық наурыз айында жол тартады деп жоспарланып отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Жанар Дұғалова тарихи роман жазуды қолға алды
Жанар Дұғалованы министрлік берген марапатқа лайық емес дегендер желіде шу көтерді
Дұғалованың орындауындағы “Бұлбұл” әні тыңдармандарын сүйсіндірді (видео)
Баян Есентаева енді Жанарды жақтап сөйледі
Ағасы Жанар Дұғалова туралы мүлде айтқысы келмейтінін жеткізді