"Басты рөлдердің бірінде ойнайды": Қайрат Нұртастың қызы киноға түспек

Танымал әнші Қайрат Нұртастың 16 жастағы қызы Алау киноға түспек. Ол қазақстандық фильмнің бірінде басты рөлге бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің жары Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында қызына қатысты қуанышты жаңалығын бөлісіп, оны Алматыға шығарып салған сәтінен сурет жүктеді.
“Алаудың болашақтағы арманына қарай аз-аздап қадам жасап жүргенін өздеріңіз білесіздер. Енді үлкен картинаға шақырту алды. Бұл таптырмас тәжірибе деп ойлаймын. Қазір Алауды әуежайға шығарып салуға бара жатырмын, бұйырса Алматыға ұшады. Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров сынды кәсіби актерлермен бірге түседі. Алау басты рөлдердің бірінде ойнайды. Ана ретінде өте қатты қуаныштымын. Фильм осы көктемде үлкен экранға шығады”, – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Алау да бұл жаңалыққа қатысты толқынысын жасырмай, “танымалдықты” сезініп бастағанын айтып қалжыңдады.
“Қолдауыңызға рахмет, мама. Қазір аздап уайымдап жүрмін. Бұл – менің алғашқы үлкен жобам ғой, қобалжу бар”, – деді ол.
Актриса ана ретінде қызына әрдайым қолдау білдіретінін алға тартты.
“Мен негізі кез келген бастаманы қолдаймын. Балаларымның барлық бастамасын қолдауға дайын тұрамын. Көрсін, білсін, ойлансын деген ниетте”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Балалар құқығы комитетінің төрағасы Қайрат Нұртастың қызына қатысты пікір білдіргені хабарланған еді.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты