Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бастарынан таяқпен, жұдырықпен ұрады": Желіде Алматыдағы орталықта балаларды қинап жаттықтырған видео тарады

Алматыда ерекше балаларға арналған орталықта балаларды ұрып соққанФото: Видеодан скриншот

Алматыда “Феникс” арнайы орталығына қатысты дау шықты. Ата-аналар орталық қызметкерлері ерекше балаларды жүйелі түрде ұрып-соғады деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, мұндай дерек бірнеше рет тіркелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты Threads желісінің қолданушысы жариялады. fey4ka лақап атымен танымал қазақстандық блогер Перизаттың жазбасында орталық тәрбиеленушілерін таяқпен ұрғаны, сабақ кезінде аяғынан шалып құлатқаны және күш қолданғаны айтты.

“Орталықта диагнозы бар балаларды жүйелі түрде ұрып-соғады. Бастарынан таяқпен ұрады, жұдырықпен ұрады, қорлық көрсетеді – мұның бәрін ата-аналар өз көздерімен көрді. Біз орталық жұмысын жалғастырып, кінәлілер жазасыз қалып қоя ма деп қорқамыз”, – делінген жазбада.

Бейнежазбаға түскен балалардың бірінің анасы да мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, 23 ақпанда бейнебақылау камераларының жазбаларын қарау кезінде қорлық көрсету фактілері анықталған.

“Видеодағы баланың анасымын. Бұл бір рет қана болған жағдай емес. Орталық директоры мен оның күйеуі бейнебақылау камераларының қатқыл дискілерін алып, үйлеріне әкеткен. Біз жазбаларды қайтарып, көре алдық. Видеода жаттықтырушының менің баламды жүгіру жолағында аяғынан шалып құлатқаны көрінеді. Бала құлағаннан кейін оның аяқ саусақтарын және басын таяқпен ұрған”, – деді әйел.

Ата-аналар орталықта тиісті бейіндік білімі жоқ қызметкерлер жұмыс істеуі мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірді. Бұған қоса, балалардың заңды өкілдерінің келісімінсіз оларды тікелей эфирде көрсеткені туралы да айтылды.

Тексеріс басталғанын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева растады.

“Қазір уәкілетті органдар тексеру жүргізіп жатыр. Соталды тергеп-тексеру басталды, бейнематериалдар тәркіленді”, – деп хабарлады ол.

Істің өзге мән-жайы әзірге жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін аутизмі бар қызметкердің анасы басшылықты қысым көрсетті деп айыптағаннан кейін Burger King Kazakhstan-да жанжал шыққаны хабарланған еді. Әлеуметтік кәсіпкер және аутизм мәселелері бойынша сарапшы Жанат Каратай Threads желісінде аутист ұлы Алибектің жұмыс жағдайына қатысты жазба жариялады. Оның сөзінше, аутизмі бар баласы шамамен төрт жыл Burger King-те аспаз болып жұмыс істеп, ұжымға бейімделіп, қосымша жұмыс істеп, жұмыс кестесі мен демалысын жоспарлап жүрген. Айтуынша, компания бұрын қызметкерлерді қолдап келген, бірақ басшылары өзгергелі жағдай да өзгерген.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2026 11:59