Бастапқы жарнасыз, төмендетілген пайызбен: Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар басталады
Фото: shutterstock.com
Қазақстанда тұрғын үй төлемдерін алатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінен өтініштер қабылдау басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оларға бірден екі бағдарлама ұсынылады: жаңа тұрғын үй сатып алу үшін "Наурыз Әскери" және екінші нарықтан тұрғын үй алу үшін "Әскери баспана".
Өтініштер 17 қарашадан бастап "Отбасы банк" арқылы қабылданады. Бағдарламаларға қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, мемлекеттік күзет қызметі, әскери прокуратура қызметкерлері қатыса алады.
Жаңа тұрғын үй сатып алғысы келетіндер үшін жаңа "Наурыз Әскери" бағдарламасы қарастырылған. Несие мөлшерлемесі 9%-ды құрап, бағдарламаға бастапқы жарнасыз да қатысуға болады.
Егер бастапқы жарна 0-ден 20%-ға дейін болса, ең жоғарғы несие сомасы:
- Астана мен Алматы үшін – 36 миллион теңге;
- Басқа аймақтар үшін – 30 миллион теңге.
Ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылдың шілдесіне дейін 25% деңгейінде қалады
Бастапқы жарна 20-дан 50%-ға дейін болған жағдайда банк ең жоғарғы несие сомасын 80 миллион теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр.
“Наурыз Әскери” – “Наурыз” бағдарламасының бір бөлігі. Оған қаражат нарықтық шарттар бойынша әлеуметтік облигациялар шығару арқылы тартылып, мемлекет соңғы мөлшерлемені субсидиялап, несиелерді қолжетімді етеді. Жаңа тұрғын үйді таңдау, брондау және сатып алу Baspana Market порталы (otbasybank.kz) арқылы мүмкін болады.
Екінші нарықтан тұрғын үй алғысы келетіндер үшін "Әскери баспана" бағдарламасы қолжетімді. Мұнда несие мөлшерлемесі 18%, бастапқы жарна 20-дан 50%-ға дейін, ең жоғарғы несие сомасы 50 миллион теңгені құрайды. Бағдарлама қатысушысы тұрғын үйді өзі таңдайды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың енді 1 пайыздық мөлшерлемемен ипотека рәсімдей алатыны туралы жазған едік.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі