Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бастан сипап отырып, аяқтан шымшиды": Әсел Асқар өзін сынайтындарға үндеу жасады

Отандық шоу-бизнес жұлдызы, актриса Әсел Асқар оқырмандарына үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Киножұлдыз болмысына тіл тигізіп, өзін балағаттайтындарға үндеу жасады. 

“Бастан сипап отырып, аяқтан шымшығанды қашан қояды екенбіз? Мен біреуге ұнау үшін ештеңе жасамаймын. Мені түсінетіндей, ұнататындай, қабылдайтындай, мен сыйлыққа берілетін кітап емеспін. Маған қашан баға береді екен деп күтіп отырған жоқпын. Жай ғана қарапайым адаммын. Ешбір әйелден бір жерім артық та, кем де емес. Мен өзіммен өзім өмірімді сүріп жатырмын. Алдыма қойған мақсаттарыма ақырындап келе жатырмын”, – деп жазды актриса.



Сондай-ақ мінезінің нашар екенін де жасырмай, көп жетістікке осындай табандылықтың арқасында жеткенін мойындады.

“Құдай берген болмысымды жаратылысымды мойындауым керек.
Мінез бар. Ол баршылық десем болады. Осы мінездің арқасында мені танып та, түсінбей де, ұнатып та жүрген боларсыз. Дегенмен жылы лебізіңізге рақмет. Бірақ адамның тірлігіне емес, өзіне баға бергенді қашан қоясыздар?! Бір бірімізге, әсіресе әйелдер қауымы тек қолдау көрсетейікші”, – деп үндеу тастады өнер иесі. 

Еске салайық, "Мәйітханадан алып шығып, өзім жуындырдым" деп Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиін есіне алған еді. 

Талқылау