Баспанадан тарыққан зейнеткер бүйрегін сатуға мәжбүр болып отыр
Өзін Гүлжан (аты-жөнін өзгерткен болуы да мүмкін) деп таныстырған тараздық кейуана бүйрегін сататынын айтып мұңын шаққан.
Бұл туралы “Замана” басылымында айтылған.
Зейнет жасындағы жанның мұндай шешімге келуіне банк алдындағы берешегі мен тұрмыстық жағдайы себеп болған сияқты деп жазады басылым.
“Менің жасым 65-те. «Асарымды асадым, жасарымды жасадым» дейтіндей жастамын. Сары аурумен, туберкулезбен ауырған емеспін. Мұндай кесел тұқымымызда да болмаған. Ал сіздерге хабарласып тұрғаным, бүйрегімді сатпақшы едім. Өйткені басымда баспанам жоқ. Екіншіден, банктен несие алып едім, содан құтыла алмай жатырмын. Кезінде қыздарымның бірін ұзатқанда ешкімнен кем болмасын, соңынан сөз ілеспесін деп «Халық банкінен» ақша алуға мәжбүр болдым. Бүгінде оның 337 мың теңгесі қалды. Айына 10 мың теңгеден құямын. Бірақ осының өзі маған ауыр. Өзім пәтер жалдап тұрамын. Зейнетақым пәтерақы мен банк қарызынан артылмайтындықтан қиналып қалдым. Содан ойлана келе осындай шешімге келдім. Бүйрегім ешқашан ауырған емес”, – деген ана бұндай шешіміне ұл-қыздары қарсы болмайтынын атып отыр.
“Олардың ешқайсысы қарсы болмайды. Тіпті олардың менімен жұмысы да жоқ. Керек болсам жүрмеймін бе солардың үйінде?”, – деген ананың айтуынша, бес қызы да тұрмыста отағасы 2011 жылы қаза болған.
“Банкке беретініңіз айына 10 мың теңге болса, қыздарыңыз қарайласар мүмкін”, – деген басылымының сауалына зейнеткер егер балаларым көмектессе мұндай қадамға бармас едім деп отыр.
Баспанадан тарыққан ана бүйрегінен түскен ақшаға арзандау болса да бір үй алғысы келеді.
Оқи отырыңыз:
2 жасар қыз әжесіне әкесінің анасын қалай өлтіргенін айтып берген
Қазақстандық әйел 9-өлшемдегі омырауын кішірейте алмай қиналып жүр (фото)
ҰБТ тестіне Баян Есентаева жайлы сұрақтың неліктен енгізілгені түсіндірілді
Қызылорда облысында ұлы анасына бауырын беріп өміріне араша түсті