Баспана бәріне бірдей берілмейді: Назарбаев арзан баспананы алдымен кімдер алатынын айтты
Бағдарлама бойынша баспана барлығына бірдей берілмейді. Елбасы «7-20-25» бағдарламасы бойынша үй алуға жеңіл, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
ҚР ресми сайты
Бүгін, 15 мамырда, Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Ет зауыты мен жиһаз фабрикасы және ғимараттардың сыртын қаптауға қажетті материал шығаратын кәсіпорынның жұмысын көрген елбасы үй алуға арналған бағдарламаның жеңілдіктерін айтты.
“”7-20-25″ бағдарламасымен шаршы метрді тек мұқтаждар ғана алады” деді Назарбаев.
“Бәрін қолжеімді баспанамен қамтимыз. Бірінші, басаналары барларға үй берілмейді. Өйткені халқымыз қу, жеңіл бағаға алып жалға береді де, өздері жалақысын алып жатады. Үйі жоқтарға береміз. Сондықтан әуелі жастар үй алады”, – деді елбасы.
Тағы да оқыңыз:
Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталды
Тізерлетіп кешірім сұратқан: Шымкентте мектеп орынбасары мен мұғалімі оқушыларды мазақ етті
Ақтөбеде ауруханада сал болып қалған 6 айлық сәбидің қазіргі жағдайы белгілі болды