Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа образ таппадың ба?": Перғауын стилінде той өткізген жаңаөзендік тұрғын ел талқысына түсті

Әлеуметтік желіде туған күнін тойлап, перғауын стилінде киінген ер адам сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот

Желі қолданушылары тойдың Жаңаөзен қаласында болғанын анықтаған. 

“50 жасын перғауын образында тойлаған ер адам әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, мерекелік іс-Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында өткен. Желіде тез тараған бейнежазбада перғауын стилінде киініп таққа отырған ер адамды 6 жігіт көтеріп жүр. Туған күнге келген өзге қонақтар да перғауын заманындағыдай киімді таңдаған” – деп жазылған әлеуметтік парақшада. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, туған күн иесінің іс-әрекетін сынап жатыр. 

“Перғауын Құдайды мойындамаған”, “Басқа образ таппадың ба?”, “Құдайға сенбеген адамға еліктеп жүрген жынды екен”, “Мына кісінің ақыл есі дұрыс па?”, “50 жастағы ақыл тоқтатқан адамға ұқсамайды”, “Су тасқыны осындайлардың ниетінің бұзылғанынан екен”, “Арабтарға еліктемей өмір сүруге болмай ма?”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

Талқылау