"Басқа күтуші табу қиын болады": Мөлдір Әуелбекова балаларының күтушісіне бағалы сыйлық жасады
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова балаларының күтушісіне қымбат сыйлық сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесінің айтуынша, Гүлназ есімді бала күтуші әншінің отбасымен тұрып жатқанына 3 жыл болған екен. Олар бала күтушісімен бірге жылына екі рет шетелде саяхаттауға барады. Түркияның бірнеше қалалары мен Дубайды бірге көрген. Ал осы жолы тұрмыс құратынын естіп, қуанышты жаңалығына сый ретінде iPhone 15 сыйға тартуды жөн көріпті.
“Туған күнге жаңа айфон! Бұйырса, Гүлназым тұрмысқа шығамын дейді! Керемет жаңалық! Өзім ұзатамын! Бірақ басқа бала күтуші алу қандай қиын болады бізге," – деп әнші өкінішін де жасырмады.
-
"Қызымның әкесінің төртінші әйелі болдым": Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы сыр шертті
-
"16-қабаттан секірмек болдым": Мөлдір Әуелбекова жүйкесінің сыр бергенін жасырмады
Еске салайық, эстрада жұлдызы қызының Даун синдромына күдік бар екенін айтқан еді.
“Екінші жүктілігімде скринингтан өткен кезде маған дәрігерлер баланы Даун синдромына шалдыққан, түсік тастау керегін айтты. Мен одан бас тарттым. Даун синдромы диагнозын қойып берген соң, мен жай ғана іштей дайындалып жүрдім. Сөйтіп мен күні-түні жылап дұға етіп, Алладан сұрай бердім. Тілегім қабыл болып, сау қыз тудым. Қызымды босанатын кезде де қызық оқиға болды. Босанатын кезде мен басқа дәрігерге бардым, ол мені "сау бала туасың, Даун синдромы жоқ" деп сендірді. Босанардан үш сағат бұрын құрма жеп, арнайы дұғаларын оқып, дайындалдым”, – деген болатын әнші.