Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа кәсіпкерлер жалғастырсын": Баян Мақсатқызы күйеуінің бастамасына қолдау білдірген халыққа алғыс айтты

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Продюсер Баян Алагөзова күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке қолдау білдіріп жатқан көпшілікке алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алагөзов өзі басшылық ететін компанияның 100 қызметкеріне Алматы қаласынан пәтер сыйлаған еді.

"Ол әдеттегідей жасырын істеймін деп ойлаған еді. Алайда мен бұл игі істі өзге кәсіпкерлер жалғастырса деген ниетпен жариялау қажет екенін айттым. Қоғам бұлай қолдау білдіреді деп ойламадық. Тұрсын әлі аң-таң болып отыр. "Мен тек мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, міндетімді атқардым" дейді. Баршаңызға алғысымды білдіргім келеді", – деді продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында. 


  • "Ажырасқан құрбыларыммен араластырмады": Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы әйелі еш жерде айтпаған құпиясын бөлісті

  • "Қызым оның әнін тыңдамаса, тамақ ішпейді": Баян Мақсатқазы Raim-ды жобасына шақырды


Еске салайық, Ахметбек Нұрсила кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке қарсы шығып, денсаулыққа зиян келтіретін өнім шығарып жатыр деген еді. 

“Бірнеше жұмыскерлерге пәтер бергені үшін тіліңді де, діліңді де сата салған дұрыс емес! Тұрсен сыра мен зиян шай шығару арқылы ұрпағыңды улап жатыр. Баян қыздарыңның санасын улап жатыр. Бұл – менің пікірім! Менің пікірім дәл сіздікіндей болуға тиісті емес, олай болуы мүмкін де емес! Біз отардағы қой емеспіз, маңырап иесі қайда айдаса сонда жүре беретін! Әркімде өзінің пікірі болуы, оны ашық айта алуы қалыпты дүние. 70 млрд теңге пайда тапса, жұмыскерлеріне дұрыс жалақы төлемеген, сол ақшаға халыққа зиян сусындар сатып улаған. Дұрыс жалақы төлесе, 15-20 жыл жұмыс істеген адамдар үйсіз-күйсіз жүрмеуі керек қой”, – деп жазды кәсіпкер.

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 30 Мамыр, 2025 11:35
Талқылау