"Басқа қалаға бір жарым миллион": Отандық жұлдыздардың гонорары қанша?
Еліміздің бірқатар шоу-бизнес өкілдері өз гонорарының мөлшерін айтты. Әнші, актриса Салтанат Бақаева әлеуметтік желідегі парақшасында отандық жұлдыздармен шағын сұхбат жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мөлдір Әуелбекованың қаламақысының мөлшері іс-шараның қай қалада өтетініне байланысты екен.
“Басқа қалада 1 жарым миллион, Алматыда 1 миллион”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.
Жайдарманшы, әзілкеш әрі шоумен Нұрболхан Шарапов өз еңбегін 2 мың долларға бағалайды. Ал жастар арасында “Aya Funk” деген лақап атпен танымал Аян есімді жас әнші 1 миллион теңгеге өнер көрсететінін айтты.
“Жылыр көйлек” деп шырқайтын Еркебұлан Құмаров бұл сұраққа нақты жауап бермеді. Тек екі санын көрсетті. Өнер иесі 2 миллионды меңзеді ме, әлде 2 мың доллар дегісі келді ме, белгісіз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"