"Басқа біреуге кетіп қала ма деп қорықтым": Танымал блогер күйеуі үшін төсін үлкейткенін мойындады
Танымал қазақстандық блогер, кәсіпкер Александра Югай күйеуі үшін маммопластика жасатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sasha_yugay/
Желі жұлдызы күйеуіне ұнау үшін омырауын өзгерткенін жасырмады.
“Менің кеудем ешқашан әдемі болған емес. Омырауы әдемі қыздар солай туған және олар ештеңені өзгертпейді деп ойладым. Жолдасым Ерасыл алғаш рет кеудемді өзгерту туралы ұсыныс айтқан кезде шок болып қалғаным рас. Одан бөлек те менің жұмысым бастан асып жатыр еді. Тіпті ондай ұсыныс күтпегендіктен, ренжіп те қалдым. Бірақ уақыт өте келе жолдасымның ұсынысын қабылдадым. Өйткені мен отбасылық семинарға қатысып, күйеуге қолдау білдіру керегін түсіндім. Тіпті басқа біреуге кетіп қала ма деген қорқыныш та болды. Осылайша күйеуім үшін төсімді үлкейттім”, – деп жазды блогер келіншек.
Бүгінде дене мүшесін өзгерткен блогер денсаулығына ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.
“Қазір күйеуіме тек алғыс айтамын. Ол маған тамсанып қарайды. Өзімнің табандылығымның арқасында да осы күнге жеттім. Денеме киімім де жақсы қонады. Бұрын киюді армандаған көйлектерім қазір шап-шақ”, – деп жазды желі жұлдызы.
Еске салайық, "Супермамасита" лақап атымен танымал Әлия Байтуғаева "Көкірегімді үлкейту үшін екі рет ота жасаттым" деген еді.