"Басқа біреуді тауып алды": Трансгендер Никонет жігітімен ажырасып кеткенін мойындады
Фото: Бағдарламадан скриншот
Танымал трансгендер, блогер Никонет сөз байласқан жігітімен екі жаққа кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы Threads парақшасында жазба жариялады.
“Адамдардың мені алдағанын жек көремін. Өйткені мен танымалмын, шынайымын әрі мейірімдімін. Елдің бәрі мені қызықтайды. Бірақ екеуміздің араласатынымызды біле тұра, ол басқа біреуді тауып алады. Әркім өз орын білсін. Мен ешкімді жоғалтқан жоқпын. Ол мені жоғалтты. Қыздар, естеріңізде сақтаңыздар! Ешкімнің сіздің сыртыңыздан екінші адаммен сөз байласуына құқығы жоқ. Біз құндымыз, ханшайымбыз”, – деді блогер.
Алайда блогер ажырасып кетсе де, экс жігітінің фотоларын әлі сақтап жүргенін айтты.
“Мен ажырасып кеткенімді мойындаймын. Бір ай қарым-қатынас құрдық. Сол уақытта одан ештеңе сұраған жоқпын. Адамның мүмкіндігі өзін қуантуға жетеді деп ойладым. Ол маған бір тал гүл де сыйлаған емес. Оның берген гүлі қымбат көліктен де құнды еді ғой?! Құрбыларым: “Ол сен үшін ештеңе жасағысы келмейді” дегенді айтып отыр. Сатқындық менің жүрегімді жаралады. Қазір мен жылап отырмын, бірақ күліп айтамын: біз енді жай таныстар болып қалайық. Мен әлсіз болып көрінгім келмейді”, – деп жазды Никонет.
Еске салайық, Никонетке казиноны жарнамалағаны үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін жазған едік.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
