"Басқа әйел пайда болды": Актер Әбілмансұр Серіковтің экс жұбайы жеке өмірінен сыр шертті
Фото: Stan.kz
Танымал кино жұлдызы Әбунасыр Серіковтің ұлы Әбілмансұрдың экс-жұбайы ел алдына шығып, сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің бұрынғы әйелі отбасын ажырауға әкеп соққан үшінші адам екенін айтты.
“Қазір ажырасқанымызға 7 жыл болды. Біздің ажырасуымызға себеп ол басқа әйелді таңдады. Ол кісіні тіпті кінәламаймын да. Әркімнің өзінің таңдауы болды. Сол кісіні таңдады, мен оны сол таңдауына жібере салдым. Барлығы ақылын айтты. Ол жерде таңдау болды. Мені немесе оны дегендей. Ол кісі оны таңдады, сосын мен “оны өз еркіне жіберу керек” деп ойладым. Көп армандарымнан тұрмысқа шыққар кезде бас тарттым. Тек соған ғана өкінген кездерім болды. “Мен де осылай түсіп жүретін едім ғой, мен де мықты ұстаздан білім алып едім ғой” деген болды. Ал былай өкініш болған жоқ, тек сол жағынан демесең”, – деді актриса.
-
"Дос-Мұқасандағы" рөлім үшін тырнап алды": Әбілмансұр Серіков танымал болудың қиындығын баяндады
-
"200 теңге үшін әкемнен оңбай таяқ жедім": Әбілмансұр Серіков әкесінің қатал тәрбиесі туралы айтты
Сондай-ақ Фариза Ещанова бұрынғы жолдасына ренжімейтінін айтты.
“Ажырасқаннан кейін анамның ақылымен аяққа тұрдым. “Өзінің таңдауы, сөз етпе” деп отырады. Енеммен де жақсы араласамын. Әлі күнге дейін сырласамыз. Кейде анамнан гөрі енеммен көбірек хабарласамын. Психологпен жұмыс істедім. Қазір барлық тақырыпта ашылып әңгіме айта аламын. Өмірімдегі ең ауыр екі сынақ болса, соның бірі – ажырасу еді. Одан кейін балам ерекше болып туылды. Бірақ қазір жұмыс істегеннің арқасында сөйлеп, қатарға қосылып келеді. Екі сынақты да жеңдім деп ойлаймын”, – деді Фариза.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
