"Басын балғамен ұрып, бетін кастетпен жыртып жіберген": Шымкенттік автобус жүргізушісін жол ақысын талап еткені үшін сабап кеткен
Фото: Stan.kz
Шымкентте жолақысын талап еткені үшін автобус жүргізушісін сабап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мақсат Жолаевтың сөзінше, оны басынан балғамен ұрып, бетін кастетпен жыртып жіберген. Қоғамдық көлік жүргізушісіне бір адам ғана күш көрсетпеген дейді. Жолаушы жігіт пен оны аялдамада күтіп тұрган достары жабылғанын айтады. Алайда бір адам ғана күдікке ілінді.
Мақсат Жолаев бір аптаға жуық уақыт төсек тартып қалды.
Жолаушы әуелі есікті ашпай қойған жүргізушіні балағаттап, кейін төбелеске шақырған. Ал оны аялдамада бір топ достары күтіп тұрған екен.
"Түссем мына жақта үш бала күтіп тұр екен. Біреуі басымнан балтамен ұрады, біреуі қолындағы кастетпен жағымнан ұрады. Жағым жыртылып кетті. Сонымен талып қалдым. Не болғанын білмеймін. Ешкім арашалаған жоқ. Тұрғанның бәрі әйелдер еді", – деді жәбірленуші.
"Әйнекті сындырды": Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы ұсталды (видео)
Таяқ астында қалған жүргізуші жедел-жәрдем көлігінде есін жиғанын айтады. Сөйтіп жансақтау бөліміне түскен.
"Түскен кезде бас жарақаттары болған. Дәрігермен қабылдау бөлімінде алғашқы көмек көрсетіліп, кейін жедел түрде стационарлық көмек қажет болғандықтан, оны нейрохирургия бөліміне жатқызған. Қазір науқас ем алып жатыр. Жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта", – деді дәрігер Ерлан Құрбанқожаев.
Қазір бұл іске қатысты бір адам қамауға алынған. Төсек тартып жатқан жүргізуші оған бір емес, бірнеше адамның жабылғанына сенімді. Сондықтан басқаларының жазаға тартылғанын талап етеді
“Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу сотымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр”, – деді Шымкент қалалық полиция департаменті.
Мақсат Жолаевтың коғамдық автобусқа ауысқанына биыл 5 жыл болды. 36 жастағы ер адам – 4 баланың әкесі.

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
