Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басымды жуып үлгеремін бе?" деді": Абай Бегейдің жары қалай босанғанын айтып берді

Абай Бегейдің жары ФаризаФото: instagram.com/fari___za____zhan

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның шағырағындағы дүбірлі той күні танымал әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова босанып қалған еді. Өнер иесінің жары әлеуметтік желідегі парақшасында қалай босанғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фариза Жұманова босанатын күнге қараған түні тісі ауырып бастаған екен. 26 наурызда екінті намазды оқып болғаннан кейін толғағы басталған. Ең қызығы – жарының толғағы басталғанын естіген әнші Абай Бегейдің сөз көпшілікті күлдірді.

“26 наурыз екінті намазын оқып болғаннан кейін белім ауырып бастады. Болды, анық босанамын деп ойладым. Күйеуіме “Кеттік” десем, ол “Басымды жуып үлгеремін бе, қазір Жанболат пен Жазираның тойы ғой” дейді”, – деп жазды өнер иесінің жары.

Сөйтіп Фариза Жұманова күйеуінің тойға дайындалып, бір кесе шай ішіп болғанын күткен көрінеді. Оның сөзінше, толғақ қатты қысып жатқандықтан, ұрысып қалмас үшін екі жақта зікір тартып отырған. Бұған қарамастан, ол “26.03.2026 босансам екен” деп ойлаған.

Кешкі сағат 19:00 шамасында қағанақ суы жасыл тартып, дәрігерлер кесарь тілігімен босандыру қаупі барын ескерткен.

“Тек балаға зияны тимесе екен деп бәрін ұмытып кеттім. 20:07-де босандым. Ота деген сөзден қорқып қалғанмын ғой, бұрын арқамнан ұзын ине салғаны есіме түсіп кетті. Әр жүкті әйелге Алла күш-қуат берсін. Аман-емен босанып, бөпелеріңізді бауырларыңызға басыңыздар”, – деп жазды Фариза.

Абай Бегейдің жары Фариза қалай босанғанын айтып берді


Абай Бегей Вьетнамдағы саяхатында сегізінші баласының жынысын анықтады

Әнші Абай Бегейдің жары жұрттан сүйінші сұрады


Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегей сегізінші рет әке болғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2026 11:15