Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басы дауға қалған Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті

Айым

Фото: Іnstagram.com/aiym_turapekova

Көкшетау қаласы әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Айым Тұрапекова қызметке келгеніне бір ай толмастан жұмыстан кету туралы өтініш жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көкшетау әкімдігі Айым Тұрапекованың өз еркімен жұмыстан кеткенін растады. Осылайша Көкшетау қаласы әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшінің орны қайта босады.

Айта кетейік, 26 жастағы Айым Тұрапекова маусым айының басында Көкшетау әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Жаңа кеңесшінің өмірбаяны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Айым Тұрапекованың 2015 жылы, яғни небәрі 16 жасында премьер-министр кеңсесінде тәжірибеден өткенді желі қолданушыларының назарын аударды. Кейін бұл мәліметке өзгерістер енгізілді. Алдымен 2019 жыл деп түзетілді, артынан мүлде алынып тасталды.

Ескертулерге қарамастан, Тұрапекова мемлекеттік құрылымдарда тәжірибеден өткенін растап, бұл мәліметтің шындық екенін айтты. Алайда оның мәлімдемесі мен ресми ақпараттың арасындағы сәйкессіздік көпшіліктің арасында сенімсіздік тудырды.

Айым Болатқызы
Жұма, 20 Маусым, 2025 12:16
Талқылау