Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы: Вакцина алмаған қызметкерлер 7 күн сайын ПТР тест тапсыруы керек

ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 Қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдар вакцина алмаған қызметкерлері үшін 7 күнде 1 рет ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті түрде тестілеуді қамтамасыз етсін",  – делінген қаулыда. 

Бұл ұйымдардың қатары мынадай:

 – халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері,

–  моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер.

Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына COVID-19-дың бар-жоғы туралы анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға орналастырылады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Талқылау