Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокурордың бұрынғы орынбасары ұйымдастырған: Қырғызстанда сайлау күні бір топ адам билікті құлатпақ болды

Қырғызстанда кеңестер сайлауы күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, үкіметті құлатпақ болғандар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Қырғызстан ІІМ

17 қарашада жергілікті кеңестер сайлауы күні жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, үкіметті құлатпақ болған.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі қылмыстық іздестіру бас басқармасының қызметкерлеріне белгілі бір топ жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалып жатқаны туралы ақпарат түсті. Бұл ұйымдасқан топ жаппай тәртіпсіздік пен билікті күшпен басып алу мақсатында құрылған.

"Бұл топ спорттық ойындарды, сондай-ақ басқа да жарыстарды Бішкек маңында өткізуді жоспарлаған. Олар ұлттық спорт ойындарының атын жамылып, көпті зорлық-зомбылыққа шақыруды көздеген, конституцияға қайшы келетін үндеулерді алға тартып, билікті күшпен басып алуға дайындалған", – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің "Зорлық-зомбылық, мүлікті жою, атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолданып, мемлекеттік қызметкерлерге қарулы қарсылық көрсету арқылы жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалу" бабы бойынша іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың құрамында болған 7 адам ұсталды:

  1. 37 жастағы шетел азаматы, Ош облысының тумасы. Шет мемлекет аумағындағы соғыс қимылдарына қатысқан. Ол дене шынықтыруға адам іріктеп, жұмысқа қабылдаған, алкогольдік ішімдіктер, азық-түлік және мал сатып алып, тәртіпсіздіктер ұйымдастырған. Оны ұстау кезінде граната, оқ-дәрі, үш квадрокоптер, тепловизор, қашықтық өлшегіші бар оптикалық көздеуіш табылып, тәркіленді.
  2. Бұл да шетел азаматы. Ұйымдастырушыға көмектескен. Оны ұстау барысында нөмірлері өшірілген белгісіз маркалы тапанша мен патрондар, 5,7 келі гашиш табылып, тәркіленді.
  3. Қырғызстанға жоғарыда аталған адамдармен бірге келген шетелдік. Шет мемлекеттің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан. Жаппай тәртіпсіздіктерді өткізуге көмектескен, себебі ол дрондармен жұмыс істейтін маман, жарылғыш құрылғыларды жасау және пайдалану дағдылары бар.
  4. Ұйымдастырушы және үйлестіруші. Шу өңірінің тумасы. Бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол демеушілік көрсетіп, жаппай тәртіпсіздіктер жасауға тартылған, арандатушылық видео мен сілтемелер таратқан. Оның міндеттеріне деструктивті ағымдағы, бұрын сотталғандарды және осы заңсыз әрекеттерді қаржыландыруға дайын басқа адамдарды қаржыландыру және табу кірді.
  5. Қарақшылық шабуыл, заңсыз қару сақтау, есірткі заттарын ұрлау және өткізу үшін бірнеше рет сотталған. Оның міндеті – үгіт-насихат және қаржыландыру арқылы спорттық іс-шаралар деп қатысушыларды жинау және оларды үкіметке қарсы қою.
  6. Ұйымдастырушы және үйлестіруші. Адамдарға рөлдер бөлу, жұмысқа қабылданған тұлғаларға ақы төлеу және қалың топты арандату міндетін атқарды.
  7. Бас ұйымдастырушы – Қырғызстанның бас прокурорының бұрынғы орынбасары. Оның міндеттеріне қаржылық қолдау көрсету, құқық қорғау органдарымен байланыс орнату, олардың әрекеттері туралы ақпаратты беру, рөлдерді бөлу және жаппай тәртіпсіздіктер мен билікті басып алу кезінде үйлестіру.

Сондай-ақ бұл топтың қоймасынан мың бөтелке арақ, 2 мың бөтелке минералды су, 1 тонна күріш, 1 жылқы және бүлікшілерге палау дайындайтын азық-түлік табылды.

Сот қаулысымен жоғарыда аталған ұсталғандарға қатысты 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін №1 тергеу изоляторында ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Талқылау