Құрылыс компаниясының директоры қазақстандық үлескерлердің ақшасына Түркиядан қонақ үй алған
Бүгін еліміздің Бас прокуроры астаналық үлескерлердің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутат Ерғанат Тайжановты осылай деп атады, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
«Азбука Жилья» компаниясының қашқын басшысы Жақып Асановтың ашуын тудырса керек, бас прокурор келісім-шарттың жоқтығына қарамастан Тайжановты Австриядан экстрадициялау үшін барын салып жатыр екен.
Әзірге алаяқ кәсіпкердің барлық дүние мүлкіне тыйым салынған. Экс-депутат осы уақыт ішінде үлескерлерден ұрлаған ақшасына 20-ға жуық қымбат көлік, шаруа қожалықтары, жер телімдері мен тіпті Түркиядан бес жұлдызды қонақ үйге дейін сатып алып үлгеріпті.
Құны 15 миллиард теңгеге бағаланған осы қымбат мүлікті енді Үкімет сатып, «Азбука жильяның» тұралап қалған құрылыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Ерғанат Тайжанов Елордада 9 бірдей тұрғын үй кешенін тұрғызу үшін 4 мыңнан астам үлескерден 14 миллиард теңге жинап алып Австрияға тайып тұрған болатын. Тайжановтың сыбайластары ізідестіріліп жатқанын айтқан Бас прокурор «Азбука жильяның» басшысын қымсынбастан сөкті.
“Ол барып тұрған қылмыскер, алаяқ, арамтамақ! Үлескерлерден ұрлаған ақшаға Австрияда шалқып өмір сүрген. Бірақ, ұсталып, сол жақта бес айдан бері үй қамақта отыр. Ондай адамдар Австрия сияқты демократиялы елде өмір сүрмеуі керек. Қайтарамыз”-, дейді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.
Жіберіп алмаңыз:
Атырау облысында жолдарға кәдімгі қойдың жүнін төсеп тастаған
Алматы облысында сәбилер үйіндегі нәрестелерді түнде мүлдем тамақтандырмаған