Бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберген әйел қайтыс болды
ҚР Бас прокуратурасының алдына келіп өз-өзін өртеп жіберген әйел бүгін қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Астана қалалық денсаулық сақтау басқармас таратқан ақпарат бойынша әйел бүгін таңертең көз жұмған. Бұған дейін дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалаған болатын.
Еске сала кетсек, Майра Рысманова 6 желтоқсан күні түскі сағат 12 шамасында ҚР Бас прокуратурасының бақылау-өткізу бекетінің алдында өз-өзіне от қойған еді. Оқыс оқиғадан соң ол бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Кейінірек оның тағдырына еліміздің Бас прокурорының өзі араша түсетінін айтқан болатын.
Ол есірткі тасымалдады деп сотталған ұлына кесілген үкім әділетсіз деп осындай қадамға барған.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбеде “Ағайынды төртеу” мафиясына қатысты жаңа дерек шықты
Шымкентте әйелі күйеуінің өз туған қызын зорлап жатқан жерінен үстінен түскен
Астанада 8-сынып оқушысының жүрек талмасынан емес, сыныптасының соққысынан көз жұмғаны айтылды
Қысқа белдемшемен жүріп арақ ішкен. Мусинованың ісі бойынша айыпталғандардың туыстары ТВ-ға шықты