Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Барселона” Испания Суперкубогын 16-рет жеңіп алды

Испания СуперкубогыФутболдан Испания Суперкубогының финалында әйгілі мадридтік "Реал" мен "Барселона" кезекті мәрте чемпиондық атақты сарапқа салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтулы матч Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы "Король Абдалла Спортс Сити" стадионында өтті.

Тартысқа толы ойында қос команда алғашқы минуттардан-ақ белсенділік танытты. "Барселона" матчтың басынан бастап "Реалдың" қақпасына толассыз шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде 36-минутта каталониялық клуб сапындағы Рафинья есеп ашты.

Алайда бірінші таймның қосымша минуттарында "Реал" ойыншысы Винисиус Жуниор жауап голын соғып, таразы басын теңестірді.

Дегенмен көп ұзамай Роберт Левандовский "Барселонаны" қайтадан алға шығарды. Есеп 2:1. Бірақ бірінші таймның қосымша уақытында мадридтік клуб сапынан Гонсало Гарсия мергендік танытып, есепті қайта теңестірді.

Екінші таймда екі команда да бір-бірінің осал тұсын табуға тырысты. 73-минутта Рафинья тағы да дәл соққы жасап, дубль авторы атанды. Ол матчтың басты қаһарманына айналып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша "Барселона" Испания Суперкубогын 16-рет жеңіп алды.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 10:12