Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барселона" клубы жейделер сатылымы бойынша тарихи рекорд орнатты

Фото: Reuters

Каталониялық "Барселона" футбол клубы шабуылшысы Ламин Ямальдың есімі жазылған жаңа жейделердің сатылымы бойынша клуб тарихындағы рекордты жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Испаниялық БАҚ мәліметінше, футболшының әйгілі №10 нөмірін алғаны туралы хабарлама жарияланғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде 70 мыңнан астам жейде сатылған. Бұл – клуб тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін мұндай сұраныс Лионель Месси мен Неймардың жейделерінде де болмаған.

Форма сатылымынан "Барселона" шамамен 10 миллион еуро (шамамен 5 миллиард теңге) табыс тапты. Nike компаниясы дайындаған жейделер 170-тен астам елде таралып, клуб дүкендерінде алғашқы сағаттарда-ақ кей өлшемдер түгел сатылып кетті.

Мамандардың айтуынша, мұндай қызығушылық Ямальдың жасына қарамастан үлкен танымалдылыққа ие бола бастағанын және клубтың маркетингтік табысының айқын көрсеткіші екенін дәлелдеді.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 21 Шілде, 2025 13:51
Талқылау