"Барселона" Чемпиондар лигасында сенімді жеңіске жетті
Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойынында “Барселона” футбол клубы немістің “Боруссия Дортмунд” командасын жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Alex Caparros/Getty Images Sport
Ширек финалдың алғашқы ойыны Каталонияда өтті. “Барселона” өз алаңында жартылай финалға берілер жолдаманың мәселесін шешіп тастау үшін барын салды.
Алғашқы таймда алаң иелері “Боруссия Дортмунд” қақпасына бір гол соқты. Пау Кубарсидан пас алған команда капитаны Рафинья таблода есеп ашты.
Испандықтар екінші кезеңді де өте белсенді бастады. 48 минутта Рафинья шабуылда Роберт Левандовскиге керемет пас шығарды. Польшалық шабуылшы есепті 2:0 жеткізді.
Бұл ойында Левандовски өзінің экс-командасына екі гол соқты. Орталық форвард 66 минутта Грегор Кобель қорғаған қақпаға дубль жасады.
Матчтың 77 минутында “Барселонаның” жас талантты ойыншысы Ламин Ямаль қарсылас қақпасына төртінші допты салды. Қорытынды есеп 4:0. “Барселона” жартылай финалға біртабан жақындай түсті.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 16 сәуірде Дортмундта өтеді. Айта кетейік, екі ойын нәтижесінде көп гол соққан футбол клубы келесі кезеңге өтеді.