"Барлық қазақтың қыздары біздікі": Ресейлік блогер Алекс Лесли Алматыға келе жатқанын айтты
Ресейлік блогер Алекс Лесли Қазақстанға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, өзінің Қазақстанға келе жатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Блогер Instagram парақшасына Алматыға келе жатқанын айтып, видео жүктеді.
"Маған кіруге тыйым салынғаны туралы айтылған ақпараттың барлығы жалған. Көріп тұрғандарыңыздай Алматыға жол тарттым. Қазір ұшақтың ішіндемін. Маған кіруге тыйым салынса ұшаққа міне алмас едім", - дейді Алекс Лесли.
Бейнежазбада ол өзінің шаш үлгісін көрсетіп: "Мына түріммен қазақ қыздарының алдына қалай шыға аламын? Жөндеу керек" дейді де:
"Әйелдерің мен қыздарыңа ие болыңдар, 6 сағаттан кейін Алматыда боламын. Барлық қазақтың қыздары біздікі", – деп айтады.
Блогердің мәлімдемесінен кейін кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әлеуметтік желіде бір топ жігітпен Алекс Лестиді күтіп отырғанын айтты.
“Екі-үш күн болып жатқан мына тақырып өз мәресіне жетпей жатыр. Алекс жолға шығыпты. Біз соны күтіп отырмыз. Келсін, көреміз. Сабасын береміз”,— деді Жанқош Тұраров.
Желі қолданушылары оған қолдау білдірген.
Еске сала кетсек, Алматы полиция департаменті “қазақ қыздарын еліктіремін” деген блогер Александр Кирилловқа Қазақстанға бір жылға кіруге тыйым салынғанын хабарлаған болатын.
Аталған ақпаратқа Алматы полиция департаменті түсінік берген жоқ.

"Эфирден қиып тастайды, концертке қатыстырмайды": Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері хиджаб кигені үшін түрлі кемсітуге тап болған
