“Барлық белгілер суицидті көрсетеді”: Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты медициналық сараптама қорытындысы жарияланды
Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты сот-медициналық сараптаманың қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Әлеуметтік желіден алынды
Алматы облыстық полиция департаменті сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысын жариялады. Сарапшылардың айтуынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
"Сот-медициналық сараптаманың алдын-ала болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның мәйіті өзін-өзі асу арқылы механикалық асфиксия нәтижесінде болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ”, – делінген полиция басқармасының хабарламасында.
Сарапшылар барлық берлгілердің суицидке сәйкес келетінін айтты.
"Сарапшылармен анықталған дене жарақаттары, мысалы, странгуляциялық және мойынның абразиялары асылған жіпті қолданған кезінде пайда болатын жарақаттарға сәйкес келетінін көрсетті. Барлық белгілер суицидті көрсетеді, мойынындағы зақымдану сипаты мұндай жағдайларға тән Мастоидтық процестің және желке мен құлақ аймағындағы абразияға ұқсас іздер үйкеліс пен пайда болуы мүмкін”, – делінген ақпаратта.
Қазір құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын тексеруді жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Талғардың шетінен Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылғаны туралы жазған едік. Полицейлердің мәліметінше, 30 жастағы ер адам асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.
Еске салайық, Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Полаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. Ішкі істер министрлігі Шерзаттың өліміне қатысты 10 адам күдікті деп танылып, бес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік жасөспірімді өлтірді деп айыпталған күдіктілер арасында бұрын сотталғандар бар екенін де растады.