"Барлығы Тегераннан дереу эвакуациялануы керек!": Трамп кенет G7 саммитінен шұғыл түрде кетіп қалды
Фото: REUTERS / Marco Bello
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Иран астанасы Тегерандағы барша адамды шұғыл эвакуациялауға шақырды. Ол жазбасында былай деді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп не себепті дәл қазір эвакуацияны талап етіп отырғанын нақтыламады.
"Иран мен айтқан келісімге қол қоюы керек еді. Бұл масқара! Адам өмірінің босқа қиылуына әкеліп отыр. Айтарым бір, Иранда ядролық қару болмауы керек. Мұны бірнеше рет қайталадым да! Барлығы Тегераннан дереу эвакуациялануы керек!", – деп жазды ол.
Осы мәлімдемеден кейін Трамп "Үлкен жетілік" (G7) елдерінің саммитінен күтпеген жерден ерте кетіп қалды. Ақ үйдің өкілі Кэролайн Левитттің айтуынша, бұл шешім Таяу Шығыстағы жағдаймен байланысты.
БАҚ-та Франция президенті Эммануэль Макрон Трамптың саммиттен кету себебі Иран мен Израиль арасындағы оқ атуды тоқтату туралы келісімге дайындыққа байланысты екенін айтқан. Алайда Трамптың өзі бұл мәліметті жоққа шығарды.
"Макрон менің Вашингтонға не үшін бара жатқанымды білмейді. Бұл атысты тоқтату келісіміне мүлде қатысы жоқ", — деп жазды Трамп.
Трамп саммиттен кетуінің нақты себебін айтпады. Бірақ бұл оқ атуды тоқтатудан әлдеқайда маңыздырақ нәрсе екенін меңзеді.
The Jerusalem Post басылымының мәліметінше, Трамп Иранға ядролық келісім бойынша "соңғы ұсыныс" жасауды жоспарлап отыр. Алайда бұл ұсыныста Иран уран байытудан толық бас тартуы керек деген талап бар. Тіпті бейбіт мақсат (азаматтық энергетика немесе ғылым) үшін де тыйым салынады. Дегенмен Иран бұл шартты қабылдауға болмайды деп санайтынын мәлімдеді..
Ал The Wall Street Journal дерегінше, Иран билігі әскери әрекеттерді тоқтатып, ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздерді қайта бастауға мүдделі. Осы мақсатта олар Израиль мен АҚШ-қа араб елдері арқылы бейресми хабарламалар жіберіп жатыр.

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
