«Барыс» кезекті жеңісіне қол жеткізді
"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ресейлік "Нефтехимик" командасына қарсы өткізіп, 3:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
Ойынның бірінші бөлігінде қос команда да қарсыластарының қақпаларына шайба соға алған жоқ. Дегенмен, екінші кезеңнің 32-минутында "Нефтехимик" хоккейшісі Аксель Галимов өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін таблодағы есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік болған еді.
Үшінші кезеңнің 41-минутында "Барыс" сапынан Майкл Шапю таразы басын теңестірсе, 53-минутта Джереми Бракко қазақстандық команданы алға шығарды.
Ал Майкл Шапю 59-минутта бос қақпаға жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша "Барыс" қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
"Барыс" ендігі ойынын 21 желтоқсанда елордада Ресейдің "Авангард" командасына қарсы өткізеді.
"30 минутқа созылады, тез келемін деген еді": Астанада көзіне лазерлі ота жасатуға барған жалғызбасты ана қаза тапты
Қызы: "Дені сау адам өз аяғымен таза талдауларымен клиникаға кірген еді"
Ата-анамызды асырауға міндеттіміз бе? Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді
Желі қолданушысы: “Міндетті емес, бала “мені өмірге әкел” деп ешкімнен өтінген жоқ”

