Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барыс" хоккей клубы жаңа бас бапкерінің есімін жариялады

Барыстың жаңа бас бапкеріФото: hcbarys.kz

Астананың "Барыс" хоккей клубы командаға жаңа бас бапкердің уақытша тағайындалғанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қызметті уақытша Евгений Королёв атқаратын болды.

Мұндай шешім өткен маусымдағы сәтсіз нәтижелерден кейін қабылданды. Еске салайық, "Барыс" ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында соңғы орынды иеленген болатын. Бұған дейін командаға жетекшілік еткен Ғалым Мамбеталиев қызметінен босатылды.

"Барысқа" тағайындалғанға дейін Евгений Королёв 2016–2018 жылдары осы клубта бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеген. Кейіннен ол "Теміртау" және "Сарыарқа" командаларын жаттықтырды. Сонымен қатар, ҚХЛ-дағы Новосібірдің "Сибирь" клубының бапкерлік штабында қызмет атқарған.

Клуб Королёвтің тағайындалуы уақытша екенін атап өтті. Бас бапкер лауазымына қатысты нақты шешім барлық регламенттік рәсімдер аяқталған соң қабылданады.

 

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 16:05
Талқылау