Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәріне ақша мен көлік керек": Гүлзира Айдарбекова ұлының қымбат киімін ұтысқа тікті

Фото: Видеодан скриншот

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың сахналық киімін ұтысқа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жақында су жаңа өнімін сатылымға шығармақ. 

“Легендамның легенда костюмін эфирде сыйлаймын. 

Халық алдындағы алғашқы эфирім болғасын жай сыйлықтар таңдағым келмеді. Бәріне ақша мен көлік керек екенін білдім. Бірақ тағы не сыйлай аламын деп көп ойланып, халықтың сұрауымен осы легендамның киімін сіздерге де жұғысты болсын деп эфирде сыйлағым келді. Қазағымның маңдайына жұлдыз болып біткен ұлымның жолы сіздерге де жұғысты болсын!”, – деп жазды продюсер. 



Айта кетейік, продюсер жеке бизнеске кеткенін айтқан еді. 

“Мұндай сусабынды әлі ешкім шығарған жоқ. Қазақстандағы №1өнім. Менің энергиям мен байлықтың иісі бар. Менің 20 жылдық арманымның жемісі. Қайраттай ұлды дүниеге әкелген алтын құрсақты ананың еңбегі. Бағасы мен сапасын уайымдамаңыздар! Құндылығы өте жоғары”, – деген еді Гүлзира Үсенқызы. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 15 Тамыз, 2025 14:20
Талқылау