Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрін ашық айтамын": Қамауда отырған Қайрат Боранбаев мәлімдеме жасады

Қайрат Боранбаевтың Instagram парақшасында хабарлама пайда болды. Онда кәсіпкер шындықтың бетін ашуға уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қайрат боранбаев

Боранбаев хабарламасының басын өткен жылдың 17 наурызында өзін екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын еске салудан бастады.

"Бірақ бұл шара ұзаққа созылды, мен 11 ай бойы қамауда отырмын. Осы уақыт ішінде мен туралы түрлі жаңалықтар жазылды, олардың көпшілігі ылғи да шындыққа жанаспайды және көбінесе асыра сілтейді. Сондықтан мен үнсіздігімді тоқтатып, бәрін бірінші өз аузымнан айту туралы шешім қабылдадым", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ осыдан кейін хабарламаларды өзінің қызы жариялайтыны айтылған.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Қаржы мониторингі агенттігі сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтаған болатын. "Азия Газчунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сондай-ақ "QazaqGaz" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты айып тағылды. Сотта прокурор айыпталушылардың газ сатып алу кезінде үлкен ақшаны қалай ұрлағаны туралы егжей-тегжейлі айтты.

Талқылау